384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

  • 191
  • UPD: 23:10, 24.06.2019
Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті жиыны өтті.

Мемлекеттік хатшы елімізді жаңғыртудың стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті кадр даярлаудың маңыздылығын айтты. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 134 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шетелдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алады. Сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы