389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Ядролық физика технологиялары» атты конференция өтіп жатыр

  • 359
  • UPD: 11:07, 25.06.2019
Алматыда «Ядролық физика технологиялары» атты конференция өтіп жатыр

Алматыда «Ядролық физика технологиялары» атты екінші халықаралық конференция өтіп жатыр.

Жиын барысында мамандар ядролық медицина мен биофизиканың даму бағыттарын талқыға салды. Қазіргі заманауи медицинада, диагностика мен фармацевтика саласында ядролық физика кеңінен қолданылып келеді. Ядролық институт пен онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты тығыз қарым-қатынас жасайды. Мысалы, біраз жыл бұрын институт ғалымдары оттан күйген теріні тез арада қалпына келтіретін арнайы компонеттерді жасаған. Сондай-ақ қатерлі ісіктің пайда болу нүктелерін анықтайтын жобалары отандық медицинада қолданысқа енгізілген.

Ерғазы Кенжин, ядролық физика институтының бас директоры:

- Еліміздің әр облысында ядролық медицина орталығы құрылуы керек. Бұл жоспар іске асып келеді. Орталықтарда квота арқылы ем алушы науқастар тегін диагностика алып, ядролық медицинаның заманауи әдістері арқылы қатерлі ісіктерін емдеуге мүмкіндік алады. Бірақ ол үшін арнайы диагносткалық құрылғылар мен білікті мамандар қажет.

Хабар 24 телеарнасы