384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Арыс қаласынан 779 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген

  • 226
  • UPD: 19:35, 25.06.2019
Биыл Арыс қаласынан 779 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген

Биыл Арыс қаласынан 779 түлек Ұлттық біріңғай тестілеу сынағын тапсыруға өтініш берген.

Олар 21 және 23 маусым күндері сынақ тапсырып үлгірген. Маусымның жиырма төрті күні Білім және ғылым министрлігінен барған апелляциялық комиссия жұмыс істеуі тиіс болған. Алайда қаладағы төтенше оқиғаға байланысты, апелляциялық шағымдарды қарау кейінге шегерілген. 
   
Әділет Тойбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры:

- Біз бұл туралы өздеріміздің әріптестерімізбен жұмыс істеп жатырмыз. Міндетті түрде нақты ақпарат болған соң біз ол туралы айтатын боламыз. ҰБТ өткізу кезінде ҰБТ орталығының колл орталығына 500-ден астам қоңырау түсті. Нақтырақ айтсақ 546. Олардың көбі тамызда болатын ҰБТ бойынша сұрақтары қойылған болатын. Және ЖОО түсіу бойынша сұрақтар болатын.

Хабар 24 телеарнасы