384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жас робототехниктер ақылды автотұрақ жобасын ұсынды

  • 446
  • UPD: 23:41, 27.06.2019

Ақылды қалалар. Ертіс өңіріндегі Назарбаев зияткерлік мектебінде World Robot Olympiad робототехника бойынша жарыстың ұлттық кезеңі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас техниктер адамзаттың тұрмысын оңтайландыратын ілкімді жобаларын паш етті. Павлодарда бас қосқан 240 оқушының ең кішкентайы 6 жастағы жаңаөзендік оқушылар болды. Ал ересектері колледж немесе университетке түсуге даяйындалып жүрген болашақ инженерлер. Оқушыларының ұшқыр қиялдарынан туған дүниелердің қатарында «Ақылды автотұрақ», «Ақылды дәріхана», «Ақылды құтқарушы бекет» сияқты тың жобалар бар. Бір сөзбен айтқанда, зияткерлік сайыста «Смарт сити» идеясы қамтылды.

Айта кетейік, ұлттық жарыс 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Байқауды ауқымы мен географиясы жыл санап кеңейіп келеді. Халықаралық стандарттарға сай өтетін олимпиаданың арқасында қазақстандық оқушылар әлемнің үздік 10 құрамасының қатарына енген. Бүгінде роботехника үйірмелерінің желісі ауылдық жерлердегі мектептерге де тараған. Мәселен, бұл жарысқа Павлодар облысы Майқайың кентінің балалары бақтарын сынауда.

Еркін Орынбасар, World Robot Olympiad робототехника бойынша ұлттық жарыстың қатысушысы:

– Жобамыз – ақылды автотұрақ. Машина жақындаған кезде тексереді, сосын кіргізеді. Мотор жабылады. Қыста мотордың суы қатып қалмас үшін астында ысытып жіберетін вентилятор қойып қойдық.

Шыңғыс Қуанышбай, World Robot Olympiad робототехника бойынша ұлттық жарыстың қатысушысы:

– Жаңа қалаларда көлік саны көбейеді және паркинг орындар жоқ. Сол себептен Михаил деген досыммен бірге мына жобаны бастадық. Оның ең маңызды идеясы – фукнционал. Мысалы, жобада үш қабат бар. Бірінші қабат – ол жуу, екінші қабат – көлікті қуаттау және үшінші қабатта көлікті қорғау. Сіз ұялы телефонмен қолданып, Bluetooth немесе Wi-Fi бойынша функционалмен қолдана аласыз.

Азамат Жанкеев, ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

– Ұлттық жарыстың осы жолғы кезеңінегі қатысушылардың құрамы өте мықты. Әр бала өз ісін асқан шеберлікпен атқарған. Бүгінгі жарысқа келген балалар еліміздің болашақ инженелері десем артық болмас. Елімізді алға жетелейтіндер де солар.

Хабар 24 телеарнасы