383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Студенттердің шәкіртақысын арттыру әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі

  • 247
  • UPD: 15:45, 28.06.2019
Студенттердің шәкіртақысын арттыру әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балалары үшін үлкен қолдау.

Олардың еңбек нарығына сай қажетті әрі сапалы білім алуларына септігін тигізеді. Сондықтан да Ел Президенті жүктеген міндет ауқымды мәселенің шешімі дейді Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков. Аймақтағы ең ірі бұл  жоғарғы оқу орнында бүгінде 13 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Олардың 829-ы көп балалы, 327-сі аз қамтылған жанұялардан шыққан. Айта кетейік, мұндай санаттағы балалар үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бөлінетін гранттарды көбейту және жұмысшы мамандығын меңгеріп жатқан шәкірттердің стипендиясын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын. 

Бауыржан Ердембеков, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры:

- Студенттердің стипендиясын көбейту ол үлкен әлеуметтік мәселенің тағы бір олқы тұсына көңіл бөліп жатқаны қуантады. Арнайы 5 мың грант біздегі аз қамтылған жаңағыдай отбасыларға бөлгелі отыр. Бұл 1 қыркүйектен басталғалы отыр деп қазір естіп жатырмыз. Ол да үлкен әлеуметтік көмек болады. Әрине бұл жерде біз айтуымыз керек, грант бөлінеді. Бірақ сол грантты ұстап тұратын бала ақылды болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы