383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 1480-ге өсті

  • 279
  • UPD: 22:56, 28.06.2019

Бүгінде еліміздегі орта мектептерде 3 миллион 186 мыңдай бала оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал білім ошақтарында 280 мыңдай мұғалім сабақ береді. Әрине, баланың білімді болуы ұстаздардың санына емес, сапасына байланысты екені белгілі. Сондықтан олардың біліктілігін арттыруға биыл баса мән беріледі. Қазірдің өзінде еліміздегі жоғары және бірінші санаттағы ұстаздар саны 12 мыңға көбейді. Мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа жүйесімен 66 мың ұстаз сыннан сүрінбей өтіп, негізгі жалақысына қосымша үстемақы алып отыр. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілердің біліктілігін арттырудың бірыңғай жаңартылған бағдарламасы әзірленді және қолданысқа енгізілді. Мектепке дейінгі ұйымдардың 20 процентінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға балабақшаға бірінші кезекте орналасу құқығы берілді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 1480-ге өсті. 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтуы 95,2 пайыз болып отыр. Әлі де кезекте 181 мың бала тұр. Бұл – бірінші мәселе. Екінші мәселе – балабақшалардың сапасы. Бұл мәселелерге көңіл бөлетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы