386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеміз – Білім және ғылым министрі

  • 410
  • UPD: 21:42, 01.07.2019

Атырауда оқытушылар арнайы конкурссыз жұмысқа қабылданып, Таразда академиялық қарызы бар 125 студентке шәкіртақы төленіп келген.

Ашуға мінген білім министрі осы жайтты жайып салды. Көп өңірде тендерде көрсетілгеннен аз студент оқиды. Енді білім ордаларында қызметтік тексеріс жүргізілмек. Ал қателіктерге жол берген ректорларға қатаң сөгіс жарияланады. Асхат Аймағамбетовтың көңілін ішкі аудиттің де қызметі көншітпеген. Жоғары оқу орындары мен тест орталығын тексерген олар бейтарап тексерушілер байқаған кемшіліктерді көрмей қалған сыңайлы. Қысқасы, министр жемқорлықтың шеті көрінген әр органға жаңа стратегияның қабылданатынын ескертті. Оның негізінде ай сайын есеп алынады, ал парақорлыққа жол бергендерге жаза қатаң.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Белгілі бір деректер қоғамның министрліктің жұмысына кері баға беруіне әкеп соқты. Осы ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеміз. Ең алдымен жауапты қызметкерлермен жұмыс істейтін басқарма құрамыз. Одан кейін жобалық кеңсе жасақталады. Білім министрлігіндегі штатты қысқарту керек. Ал бизнес үдерістердің барысын арнайы аудит бақылайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы