388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы оқу жылы «IQanat» мектебі ашылады

  • 831
  • UPD: 14:49, 02.07.2019
Алдағы оқу жылы «IQanat» мектебі ашылады

Алдағы оқу жылында «IQanat» мектебі ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бурабайда жұмысын бастайтын білім беру мекемесі тек елді мекеннен шыққан жоғары сынып оқушыларына арналған. 200 орындық ғимаратта топ жарған үздіктер ғана оқитын болады. Осы мақсатта бүгін Назарбаев университетінің қабырғасында «IQanat» жастар слеті ұйымдастырылып, математика, физика, ағылшын пәндері мен эссе жазудан іріктеу олимпиадасы өтті. 700 баланың ішінен тек 200-і арнайы мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болады. Оның тең жартысы тегін оқиды. Елбасы қоры мен Білім және ғылым министрлігі ұйытқы болған шараның қорытындысы 4 шілде күні белгілі болмақ.

Арсен Байтуков, «IQanat» қорының даму жөніндегі директоры:

- Қазіргі таңда «IQanat» қорының шәкірттері 900 баладан астам болып кетті. Сондықтан да бізде бір қиыншылық туындады да, осы 900 баланы 162 ауданда орналасқан балаларды жүргізу, оларға сапалы білім беру. Сондықтан балалардың ең жақсыларын бір жерге жинақтасақ деген. Осы оймен біз «IQanat» мектебін салайын деп жатырмыз Бурабай жақтан.

Аружан Орынбасар, «IQanat» республикалық олимпиадасының аудандық жеңімпазы:

- Өзіміздің жетістігіміздің, біліміміздің арқасында осы республикалық мектепке шықтық. Осы«IQanat» жайлы айтатын болсам, «IQanat»-тан өткен оқушылар шетелге, басқа жақтарға өтуге мүмкіндіктері бар.

Хабар 24 телеарнасы