383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-да ең жоғары балды Түркістан облысының түлегі жинады

  • 248
  • UPD: 23:53, 02.07.2019

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Биыл сынаққа жалпы 110 472 түлек қатысып, оның  82 651–і шекті деңгейден өткен.

Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, мектеп бітірушілердің 25,2 пайызы сынақтан сүрінген. Ал ең жоғары нәтиже 140 балға Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі, «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымжан қол жеткізіпті. Ал республикалық апелляциялық комиссияға түлектерден 326 өтініш түскен. Олардың 155-і қанағаттандырылыпты.

Дидар Смағұлов, ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Жалпы биылғы ҰБТ сұрақтарының деңгейі жоғары болды. Сонымен бірге алдымызда гранттар саны бөліну болады. Оның ашықтығын транспарентті ретте істеуге тырысамыз. БАҚ өкілдерін шақырып тұсаукерес жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы