383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада стартап жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 195
  • UPD: 09:19, 04.07.2019
Елордада стартап жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада Ұлттық Сиидстарс стартап жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Интеллектуалдық сайыстың бас жүлдесін биометрикалық терминал әзірлеген ұжым иеленді. Бұл құрылғы терминал алдында тұрған адамның бейнесін оның құжатымен салыстырады. Балаларға арналған онлайн оқыту платформасы екінші орынға жайғасса, үздік үштікті түйіндеген жоба кол-орталықтарға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Жүлдегерлердің барлығына ақшалай сыйлық табысталды. Айта кетейік, биыл ұлттық стартап жобалар байқауына қатысуға 80-нен астам үміткер ниет білдірген. Алайда олардың 11-і ғана екінші кезеңге жолдама алыпты.   

Архат Ізбасов, байқау жүлдегері:

- Жобам - чат бот. Яғни call-орталықтағы адамдардың жұмысын атқарады. Және фейсбук парақшасында компания клиенттерінің ақпаратын алып, оған ұсыныс жібереді. Күнделікті call-орталықтарда мыңдаған жұмыс істейді. Олардың міндеті - сұрақтарға жауап беру ғана.

Хабар 24 телеарнасы