383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алдағы 3 жылда жиырма ЖОО құрылады

  • 289
  • UPD: 20:40, 05.07.2019

Елімізде алдағы 3 жылда 180 колледж және алдыңғы қатарлы 20 жоғары оқу орны құрылады.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің кешегі отырсында айтты. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл мәліметті фейсбуктегі жеке парақшасында жариялады. Мемлекет басшысы кәсіби білім беру саласын жаңғырту керектігіне тоқталған. Бұл жерде бір мәселені ескерген жөн. Жоғары оқу орындары мен колледждер жаңадан ашылмайды. Білім және ғылым министрлігі «Жас маман» жобасы аясында елдегі бар 20 жоғары оқу орны мен 180 колледжді іріктеп жаңартады, жаңғырту жұмыстарын жүргізеді. Оларда арнайы орталықтар мен заманауи ғылыми зертханалар құрылып, деңгейлері халықаралық стандарттарға дейін жеткізіледі. Бұл мақсатқа алдағы 3 жылда республикалық бюджеттен 58 млрд теңге бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы