383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық педагог шәкірттері арқылы домбыра күмбірін қазақ даласына таратып жүр

  • 194
  • UPD: 15:22, 07.07.2019

Қазақ даласын ән-мен күйге бөлеген домбыра біздің заманымызға құйма құлақтар арқылы жетсе, бүгінде бұл өнерді дәріптеп, жастарға үйретіп жүрген ұстаздар аз емес.

Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбеттің ізбасарларын дайындап жүргендердің бірі, «Білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин» атындағы медальдің иегері  Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы  Қалдыгүл Рақышева.   

Пернені дұрыс басу, білезік буынды ырғақты қимылдату сынды оқу-жаттығулары «білім беру ісінің үздігі» Қалдыгүл Рақышеваның жетік меңгерген тәсілдері. Әлем жұртшылығына қазақтың төл өнерін  домбыраның сиқырлы үнімен жеткізіп жүрген талай дарынды жастарды тәрбиелеген осындай ұстаздар.

Қалдыгүл Рақышева, білім беру ісінің үздігі:

- Қазақ  даласы ән салып тұрады демекші,  дұрыс айтасыз, әрбір қазақтың баласы музыкаға бейім. Бірақ оның ішінде қабілет басқа да, талант басқа. Күй қонған балалардың бет алысы басқа олардың сөз саптауының өзі басқа болады.

Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің мұражайы ашылғанда ең алдымен білікті ұстаз Қалдыгүл Рақышеваның еңбектері қойылды дейді оқу орнының басшысы.  

Біржан Хасанғалиев, П.Чайковский атындағы алматы музыкалық колледждің директоры:

- 36 жылдың ішінде қаншама шәкірт тәрбиелеп, әртүрлі конкурстардың лауреаттарын тәрбиелеп, қазіргі кезде  бұл балалар  біздің өнердегі бетке  ұстар азаматтар мен азаматшалар. Сондықтан мұндай кісілер біздер үшін, біз үшін нағыз  тірек болып тұратын нағыз тұлғалар. 

Ұлағатты ұстаз, домбыра күніне орай шәкірттерімен кездесіп, домбыраның құлағында бірге ойнады. Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты дейді олар.

Мұрат Әбуғазы, ҚР Мәдениет қайраткері:

- Конкурсқа кетіп бара жатқанда  шегім, тиегім бәрі бар енді. Домбырам бүтін алып бара жатқан. Сонда, Қалдыгүл апайым тағы да  шек пен тиекті  салып берді маған, мынаны алып ал Мұрат, керек болады деп. Сонда конкурсқа бара жатқан кезде әртүрі жағдайлар болады ғой, жаңағы шегім үзілді жолда сонда жаңағы апайымның салып берген шегі мен тиегінің пайдасын көрдім. 

Мұндай ұстаздар барда киелі домбыраның күмбірі қазақ даласында қалықтай беретіні сөзсіз. Бұл жерден әлі талай дүлділдер шығатынына сенімдіміз дейді ұстаздың шәкірттері.  

Авторлары: Алуа Маханбет, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы