383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім гранты иегерлерінің есімі қашан белгілі болады

  • 178
  • UPD: 19:27, 09.07.2019

Биыл 54 мыңға жуық білім гранты бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлап отыр. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант қарастырылған.

Ол үшін ұлттық университеттерге түсуге ниетті талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең кемі 65 балл, ал педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша мамандық таңдайтындар 60 балл, басқа жоғары оқу орындарында оқитындар 50 балл жинауы тиіс.

Министр Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, тамыз айында грант иегерлерінің есімі белгілі болады. Ең көп грант осы жылы техникалық мамандықтар арасында үлестірілмек.

Хабар 24 телеарнасы