383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


100 жаңа оқулық: Экономика саласындағы әлемдік туындылар қазақ тіліне аударылып жатыр

  • 124
  • UPD: 19:04, 09.07.2019

«100 жаңа оқулық. Жаңа гуманитарлық білім» аясында  экономика саласындағы әлемге әйгілі туындылар да қазақ тіліне аударылуда.

Жоба аясында Ұлттық аударма бюросы  мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университенінің оқытушылары соңғы екі жылда бірнеше кітапты аударып бітірді. Оның бірі- ДавОс халықаралық экономикалық форумының негізін салушы Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» кітабы. Екіншісі,   әлемдік бестселлерге айналған  Грегори Мэнкью мен Марк Тейлордың «Экономикс» оқулығы. Үшіншісі «Маркетинг принциптері» деп аталатын оқулық. Аудармашылар қазіргі таңда макро- және микроэкономикаға негізделген  оқулықтарды аудару ісін қолға алды. Мұндағы экономикалық терминдерді, ортақ мәмілеге келе отырып аударамыз дейді ғалымдар.

Ляйла Бимендиева, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Бизнес және жоғарғы мектеп деканының орынбасары:

-  Біз келісе отырып,  бір ізділікпен сол  басынан аяғына дейін, сол терминдерді  сол туындыда дұрыс көрсетуге, яғни сол  мәтіннің  мәнін ашытындай  көрсете білуіміз керек. Бұл мәселе бізде жақсы шешілді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы