384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмыр жерді айналып ұшуға аттанған ғарышкерлер астанамызға аялдады

  • 184
  • UPD: 21:52, 10.07.2019

Ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка мен NASA-ның бұрынғы астронавты Терри Вертс және британдық Хэмиш Хардинг бастаған бір топ ғарышкер жұмыр жерді 49 сағат 36 минутта түгел айналып өтеді.

Экипаж мүшелері кеше АҚШ-тың Канаверал мүйісінен зеңгір көкке бет алды. Сапар маусымның он бірі, яғни ертең аяқталады. Gulfstream G650ER аталатын реактивті ұшақ әуелі Солтүстік полюске аттанды. Ал бүгін қазақ елінің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында жанармай құйып алуға аялдады. Мұнан соң әуе кемесі аталған мақсатпен Маврикий астанасы Порт-Луида да уақытша кідіреді. Кейін Оңтүстік полюске жөнеледі. Сосын жанармай үшін Чилидің Пунта-Аренас қаласына да тоқтамақ. Ғарышкерлер көкте 41 мың 526 шақырымды айналып өтпек. Осылайша екі полюске де барады. Бұған дейінгі рекорд 2008 жылдың қарашасында орнатылған еді. Ол кезде Bombardier Global Express ұшағының экипажы жер шарын 52 сағат 32 минутта айналып шыққан болатын.

Геннадий Падалка, ғарышкер /Ресей/: 

- Бұл 11 жыл бұрынғы рекордты жаңарту ғана емес. Сапар «Апполон-11»-дің Айға қонуына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр десек те болады. Сол кезден бастап ғарыш әлемін игеру жаңа қарқын алды. Біз сол ұлы сапарды жалғастырушымыз.

Хабар 24 телеарнасы