386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі оқушылар мен студенттер әзірге латын тілінде білім алмайды

  • 401
  • UPD: 10:04, 16.07.2019

Дегенмен, қосымша сабақтарға еркін түрде қатысуына мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта қазақ әдебиеттері де жаңа алфавитте жазылмақ. 

Латынға қарпіне өту үрдісі - біршама уақыт пен сауаттылықты талап етеді. Әзірге тек мемлекеттік органдардың атауы ғана латынша жазылып жатыр. Жаңа алфавиттер бірінші әкімдік ғимараттарында кейін мәдени нысындарда пайда болды.

Гауһар Елембаева, қалалық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы:

-  Құжаттар фирменный бланктар ауысады. 

Латынға көшу үшін елде жаңа алфавит пайда болды. Бекітілді. Хош. Кей мектептерде латын қаріптері бойынша қосымша сабақтар өткізіледі. Осы тақырып бойынша арнайы семинарлар ұйымдастырылады. Жаңашылдықты егжей-тегжейлі түсіндіру үшін. 

Гауһар Елембаева, қалалық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы:

- Тапсырма берілді. Әрі қарай біз жұмыс істейміз.  

Қазір тіл мамандары мен ғалымдар арнайы сөздіктер мен анықтамаларды латын қаріпіне көшіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта қазақтың небір әдебиеттері де жаңа алвафитпен қайта жазылмақ. Содан кейін ғана оқушылар мен студденттер жаңа қаріппен оқытылады. 

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры: 

-  2021-22 жылдары бастауыш сыныптар мен балабақшалар көшеді.

Қазір орфографиялық ережелерге басымдық беріліп жатыр. Алдымен шет сөздерді латын алфавитінде дұрыс жазуға мән беріледі. Жөн. Себебі қазір қазақ тілінде 21 мыңдай жаңа термин бар.  

Авторлары: Қорған Төреқожа, Сабина Балашкина

Хабар 24 телеарнасы