386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Аймағамбетов «Болашақ» бағдарламасын жетілдіруге қатысты түсінік берді

  • 243
  • UPD: 18:28, 17.07.2019
А.Аймағамбетов «Болашақ» бағдарламасын жетілдіруге қатысты түсінік берді

«Болашақ» бағдарламасы даму процестерін тыс қалмауы тиіс.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Болашақ» бағдарламасы өте жақсы нәтиже беруде, өзінің тиімділігін көрсетті. Қазақстандықтардың көбісі бұл бағытта білім алды, бұл өз кезегінде «әлеуметтік лифт» болды. Атап айтқанда, бұл бағдарлама да эволюцияға ұшырайтыны анық. Осы орайда біз тиісті тапсырманы алдық және оның аясында қажетті құжатты даярлаймыз», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына қатысу талаптарын өзгертуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы