386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі мектептерде экологиялық тәрбие сабағы енгізіледі

  • 288
  • UPD: 20:08, 20.07.2019
Еліміздегі мектептерде экологиялық тәрбие сабағы енгізіледі

Қазақстан мектептері мен балабақшаларына экологиялық тәрбиеге арналған қосымша сабақ енгізіледі.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, барлық мектептер мен балабақшаларда экологиялық сағаттарды іске қосамыз. Өйткені тазалық ұғымын санаға бала жастан бастап сіңіру керек», - деді министр Мағзұм Мырзағалиев.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиеваның айтуынша, «экологиялық сағаттар» қосымша сабақ ретінде енгізілуі тиіс. «Экология министрі мен білім министрі өзара келісіп, жаңа пәнді енгізу тетіктерін ойластырады деп ойлаймын. Бұл қосымша сабақ түрінде болуы керек. Қоқысты сұрыптап төгу, оған қайта өңделетін шикізат ретінде қарау мәдениетін қалыптастыруды балалардан бастау идеясы - шынымен де жақсы бастама», - деді депутат.

Еске салсақ, бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жариялаған #Birge #TazaQazaqstan акциясына Нұр-Сұлтан қаласынан 1200-ден астам адам қатысқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы