386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да «Серпін» бағдарламасына 5 мың оқу гранты бөлінді

  • 196
  • UPD: 09:05, 22.07.2019

Биыл Қазақстанда «Серпін - 2050» бағдарламасына 5 мың оқу гранты бөлінді.

Ол бойынша тек оңтүстік өңірлердің түлектері тегін білім ала алады. Қазір Солтүстік, Орталық, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарының университеттеріне құжат қабылдау жүріп жатыр. Ұстаздардың айтуынша, 6 жыл бұрын жүзеге асқан бағдарламамен жоғары білім аламын деушілердің қатары жыл санап артып барады. Мәселен, бір ғана Жамбыл облысында 1 мыңдай студент оқуға түскен. Жобаның басты мақсаты – халқы көп оңтүстік өңірлердің жастарын оқытып, жұмысқа орналастыру. 

Бекболат Қайыпшаев, техникалық және кәсіби білімі дамыту орталығының директоры:

- Бұл жобаға бізден 6 жылдың ішінде 1384 бала оқуға түскен, оның ішінде 1169 ЖОО, 215 бала колледжге түскен. Серпін бойынша 80 балдан жоғары бал алған ауыл жастарына үлкен мүмкіндік. Тегін грантқа түсіп, ары қарай оқуын жалғастырып, сол қалада жұмыс жасап ары қарай қз қміріне үлкен мүмкіндік туады.

Айбек Шахым, талапкер:

- Мен осы жылы ҰБТ тапсырып 79 балл алдым. «Серпін» бағдарламасымен грантта оқығым келеді. Менің таңдаған мамандығым АЙ-Ти саласы. Қарағанды университетіне түсіп, Қазақстан еліне қызмет еткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы