385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Резидентураға мемлекеттік грант бөлінетін болды

  • 421
Резидентураға мемлекеттік грант бөлінетін болды

2019-2020 оқу жылында резидентураға мемлекеттік грант бөлу жоспарланып отыр.

Резидентура бойынша мемлекеттік грант бөлудің жаңа әдістемесі туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлі түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Биыл қалалар мен ауылдардағы медициналық кадрларға деген сұранысқа қарай 18 мамандық іріктеп алынды. Осы мамандықтар бойынша 2019-2020 оқу жылында резидентураға мемлекеттік грант бөлу жоспарланып отыр. Биылдан бастап резидентура мамандықтарының тізімі денсаулық сақтау жүйесінің және тұрғындардың қажеттілігіне қарай жасалады», – деді Е. Біртанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің сөзіне сенсек, алдағы екі жылда резидент-түлектердің есебінен акушерлік-гинекология, пульмонология, офтальмология, отоларингология, кардиология, кардиохирургия, нейрохирургия, спорттық медицина, аллергология, гематологиясияқты бірқатар мамандықтарға деген тапшылық жойылады деп көзделген.

Хабар 24 телеарнасы