386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық 100 мұғалім үш тілде білім беру бойынша жобаларын таныстырды

  • 281
Қазақстандық 100 мұғалім үш тілде білім беру бойынша жобаларын таныстырды

Еліміздің 5 аймағынан жиналған 100 мұғалім америкалық Болл Стейт зерттеу университетінің үш апталық бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаны Қазақстандағы АҚШ елшілігі қаржыландырған. Басты мақсаты – елдегі үш тілде білім беруді жетілдіру және оқу-әдістемелік материалдарды көбейту. Бағдарлама соңында отандық мұғалімдерден жасақталған 25 команда АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Теодор Лингке және Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Дайыроваға өз жобаларын таныстырды.

«Үштілділік – өршіл бастама, сондықтан оған қолдау білдіруді ұйғардық. Бүгінгі жоба өте қызықты, себебі онда түрлі тәсілдер, STEM (Science, technology, engineering, and mathematics) бағытындағы технологиялар қолданылады. Тренингке қатысқан мұғалімдердің көпшілігі орта мектепте сабақ береді, бастауыш сынып мұғалімдері де бар. Біздің ойымызша, бұл үлкен жұмыс», – деді Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет бойынша атташесі Энн Перрелли.

Айта кетейік, аталған жоба елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы