386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да инклюзивті білім беретін мұғалімдерге 200 млн теңге төленбеген

  • 206
  • UPD: 21:07, 26.07.2019

Батыс Қазақстан облысында инклюзивті әдіспен білім беретін ұстаздарға 200 миллион теңге төленбеген.

Осылайша өңірдегі 4 мыңдай мұғалім мүмкіндігі шектеулі балаларды білімге баулығаны үшін алуы тиіс қосымша қаражаттан қағылған. Мұны облыстық прокуратура мамандары тиісті тексеріс кезінде анықтады. «Білім туралы заңға» сәйкес инклюзивті бағдарлама бойынша жұмыс істеген оқытушылардың базалық жалақысына 40% қосылуы тиіс. Алайда кей жауаптылар заңның бұл талабын белден басқан. Айталық, Казталов ауданында бар болғаны 20% төленген. Сөйтіп, 1 млн 800 мың теңге көлденең көк аттының қалтасында кеткен. Бұл 334 мұғалімге тиесілі ақша.

Бауыржан Ахметжан, облыстық прокурорының аға көмекшісі:

 - «Білім беру туралы» заңының 52-бабына байланысты бұл қосымша ақы тұрақты түрде төленіп тұруы тиіс. Казталов ауданы прокурорының қадағалау актісі бойынша 549 мұғалімге жалпы сомасы 4 миллион 900 мың теңге қосымша ақы төленіп, тиісті тәртіптік жауапкершілікке 5 лауазымды тұлғасы тартылды.

Хабар 24 телеарнасы