386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында «Серпін» бойынша 2 мыңға жуық студент білім алып жатыр

  • 278
  • UPD: 08:45, 28.07.2019

Қостанай облысында «Серпін» бағдарламасымен екі мыңдай студент білім алып жатыр.

Биыл еліміздің оңтүстік аймақтарынан келген жастардың 700-ге жуығы диплом алды. Басым бөлігі инженерлік, аграрлық мамандықтарды тегін меңгеріп шықты. Алайда, жартысынан көбі солтүстікте қалғысы жоқ. Мысалы, биыл мал дәрігері атанған 52 студенттің 30 проценті ғана тұрақтап қалуға ниет білдіріпті. Олар Фёдоров, Қарабалық, Қарасу аудандарына жолдамамен жіберілді.

Азамат Исабаев, Қостанай мемлекеттік университетінің  факультет деканы:  

- Оқу барысында біз болашақ жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырамыз. Сонда олар жеке өздері кездесіп жалақы, баспанамен қамтамасыз ету бойынща және тағы басқа сұрақтарды шешіп, өздері жалпы бір шешімге келеді.

Хабар 24 телеарнасы