389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Студенттер Жезқазған мұнай құбырлары басқармасында тәжірибеден өтіп жатыр

  • 301
  • UPD: 16:09, 30.07.2019

«ҚазТрансОйл» компаниясы жастар жылына орай техникалық бағыттағы студенттерді кәсіби тәжірибеден өткізуде.

Мәселен, Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті мен Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің, сондай-ақ Жезқазған бизнес және транспорт колледжінде білім алушылар Жезқазған мұнай құбырлары басқармасының өндірістік нысандарында вахталық әдіс бойынша тәжірибе жинақтауды бастап кетті.

Бағлан Байтен Жезқазған университетінің 2-курс студенті. Мамандығы электр-энергетик. Ол «Құмкөл» бас мұнай айдау станциясында ақысы төленетін өндірістік тәжірибеден вахталық әдіс бойынша өтуде.

Бағлан Байтен, Ө.А. Байқоңыров атындағы жезқазған университетінің 2-курс студенті:

- Практикадан өту барысында біз қандай өндірістік құрал-саймандар бар, насостар бар, двигательдерге қалай тоқ келе жатыр, қалай олар жүзеге асып жатыр, соның бәрін оқып үйрендік.

Дастан Ахметжан, «Құмкөл» бас мұнай айдау станциясының инженері:

- Практика кезінде студенттерге біліктілігі жоғары мамандар қатарынан тәлімгерлер бекітілді. Оларға мұнай тасымалдау процесі мен технологиясы таныстырылды. Теориялық негіздегі білімді тәжірибемен ұштастыруға барлық мүмкіндіктер жасалды.   

Кәсіби білімін толықтырып жатқан болашақ мұнайшылар мен энергетиктер станцияның ірі қондырғыларымен қатар өндірістік жүйені бақылау орталығы және зертхана жұмысымен де танысты.

Фархат Төлбасиев, Жезқазған мұнай құбыры басқармасы бастығының орынбасары:

- Жататын орындары, тамақ мәселесі, киім-кешек мәселесі барлығы «ҚазТрансОйл» өзінің мәндетіне алып, осының барлығы тегін мәселеде қаралып, жасалып жатыр.

Тәжірибе кезінде университет студенттеріне 120 мың теңге, ал колледж студенттеріне 80 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Айта кетейік, шілде тамыз айларында Жезқазған мұнай құбырлары басқармасына қарасты өндірістік нысандарда барлығы 42 студент ақысы төленетін практикадан өтеді. 

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы