386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда қандай жоғарғы оқу орындары қосымша грант бөледі

  • 303
  • UPD: 08:15, 03.08.2019
Нұр-Сұлтанда қандай жоғарғы оқу орындары қосымша грант бөледі

2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау басталады (ЖОО-дың тізімі төменде көрсетілген) 2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау басталады(ЖОО-дың тізімі төменде көрсетілген).

Аталған гранттар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша бөлінген және Нұр-Сұлтан қаласы мектеп түлектеріне арналған (тек көп балалы отбасыларының балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының балалары үшін).

Жоғарғы білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші таңдаған жоғары білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты (2019 жылғы маусымдағы);

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) көп балалы отбасыларының балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының балалары мәртебесін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Құжаттар көрсетілген бес ЖОО-ға тапсырылады және бұл гранттарға тек Нұр-Сұлтан қаласының түлектері ғана қатыса алады. Жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2023 оқу жылдарына арналған мамандықтар бөлінісінде күндізгі бөлімде оқытатын жоғары оқу орындарының тізбесі (құжаттар осы көрсетілген бес ЖОО-ға тапсырылады және бұл гранттарға тек Нұр-Сұлтан қаласының түлектері ғана қатыса алады).

  1. «Еуразия гуманитарлық институты»жоғары білім беру мекемесі 
  1. «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»акционерлік қоғамы 
  1. «Astana IT University» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  2. «Астана» халықаралық университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  3. «Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесі
Хабар 24 телеарнасы