385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында көп балалы отбасыдан шыққан түлектерге 500-ге жуық грант бөлінді

  • 170
  • UPD: 15:11, 09.08.2019
Жамбыл облысында көп балалы отбасыдан шыққан түлектерге 500-ге жуық грант бөлінді

Жамбыл облысында көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға республикалық трансферттен  500-ге жуық грант бөлінді.

Оның барлығы, негізінен, өңірге қажетті мамандықтарға бағытталып отыр. Бұдан бөлек биыл облыстық бюджеттен қосымша 30 грант қарастырылды. Оның 15-і медицина, қалғаны ауыл шаруашылығы саласына берілді. Сонымен қатар резидентураға да 9 грант бөлінген. Аймақта арнайы комиссия құрылып, қазір құжаттарды қабылдау ісі жүріп жатыр.

Рахия Тұрмаханбетова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Конкурсқа қатысқан ВУЗ-дарды ескере отырып, бүгінгі күні жоғарғы оқу орындары мен мамандықтар комиссияның шешімімен таңдап алынды. Республикалық конкурсқа тапсырған сияқты 5 құжат тапсырылады. Оған қоса міндетті түрде көпбалалы отбасы деген немесе адрестік әлеуметтік көмек алатындығын растайтын құжаты болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы