386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық 150 балаға оқу құралдары тарту етілді

  • 144
  • UPD: 18:23, 10.08.2019

Жаңа оқу жылы қарсаңында елордалық 150 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары табыс етілді. Бұл сыйлық жеткіншектерге «Баланы мектепке дайындаймыз» акциясы аясында беріліп отыр.

Nur Otan партиясы «Бақытты отбасы» жобасымен екінші жыл қатарынан осындай акция ұйымдастырған.

Бақдәулет биыл мектепке барады. Сөмкесі мен оқу құралдары дайын. Бала емес пе. Сыйлыққа алған дүниелеріне қызыға қарап, қуанып тұр.

- Мне понравилось. Хочу в школу, буду учиться на пятерки. 

Досановтар отбасында Бақдәулеттен басқа тағы 3 бала бар. Бәрі де мектеп жасында болғандықтан оқу жылына дайындауға біраз қаржы кетеді. Көп балалы отбасы үшін бұл оңай емес. Сондықтан «Нұр-Отан» партиясының қалалық филиалынан көмек сұрап, өтініш жазған екен. 

Гүлмира Досанова, көп балалы ана:

-  Ата-аналарға өте көмек, үлкен көмек. Мен қуаныштымын, рақметімді білдіремін. Қазір мына мектепке жинау әрбір ата-анаға өте қиын. Қымбат киімдер. Балам өте қуанышты. Біз кешеден бері хабарласқаннан бері өте қуаныштымыз.

«Баланы мектепке дайындаймыз» акциясы жыл сайын еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады. Партия «Бақытты отбасы» жобасы аясында тұрмысы төмен жанұяларға көмек береді. Балаларға қажетті киім мен оқу құралдары демеушілердің қаржысына алынады.

Бақдәулет Жанділдаев, «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының төрағасы:

- Қазіргі кезде әкімдіктер арқылы «Нұр Отан» партиясынан тізімдер жинақталуда. Әрине келіп өтініш білдіруші азаматтар мен азаматшалар барлық. Олар келіп өтініш білдіріп, құжаттарын тапсыруда, қажетті құжаттарын.  

Бұл жолы 150 оқушы сыйлық алып қуанды. Акция тамыз айының аяғына дейін жалғасады. Яғни, тағы 150 баланы мектепке дайындайды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы