385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай надандықтан арылып ғылым игеруге шақырған ғұлама – Түркия ғалымы

  • 145
Абай надандықтан арылып ғылым игеруге шақырған ғұлама – Түркия ғалымы

Абай Құнанбайұлы тек қана қазақ халқы үшін ғна емес, мұқым түркі дүниесінің ортақ рухани қазынасы.

Ол түрік және ислам дүниесін надандықтан арылып, білім алып, ғылымды игеруге шақырады. Қазақ әдебиетінің бірқатар шығармаларын түрік тіліне аударған түркиялық жас ғалым Жемиле Кынажы осылай дейді. Оның айтуынша, Абайдың қара сөздері түбі бір түркі жұрты үшін үлгі болуы тиіс.

Жемиле Кынажы, Анкара Хажы Байрам университетінің оқытушысы:

- Абай Құнанбайұлы қара сөздерінде надандықтан арылып, ғылымды игеру керек деп айтады. Ақынның бұл сөздерін қазақтарға ғана емес, күллі түркі жұртына айтылған деп қабылдауымыз керек. Сол себепті дана Абай барша әлем үшін айтулы тұлға.

Хабар 24 телеарнасы