386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы форумда тәрбие мен оқыту сапасын арттыру тәсілдері талқыланды

  • 109
  • UPD: 15:35, 15.08.2019
Елордадағы форумда тәрбие мен оқыту сапасын арттыру тәсілдері талқыланды

Бала мектеп табалдырығын аттағанда қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс.  Сондықтан балғынның ынтасын мектепке дейін дамыту қажет.

Бұл туралы елордада өтіп жатқан балабақша ұстаздарының форумында айтылды. Еліміздің әр өңірінен келген ұстаздар балабақшадағы тәрбие мен оқыту сапасын арттырудың тың тәсілдерін тілге тиек етті. Бас қаладағы заманауи білім ошақтарының тәрбиешілері, өз тәжірибесімен бөлісті. Сала мамандары баланың жеке басының тұлға ретінде дамуына көп көңіл бөлу қажеттігін де айтты. Тақырыптық алаңда,бүлдіршіндердің шыңдалуына септігін тигізетін техникалардан көрме де ұйымдастырылды.

Гүлсім  Әліпбаева, Нұр-Сұлтан қаласы №56 балабақшасының меңгерушісі:

- Интеллектуалдығы жоғары бала тәрбиелеу мақсатында көптеген орталықтар ашылды. Онда балалар өздеріне керегін таба алады. Өз жас ерекшелігіне сәйкес баланың даму деңгейін жорғарлатыға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы