386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мектептерде химия, физика және биология сабақтары енді қызығырақ өтеді

  • 138
Мектептерде химия, физика және биология сабақтары енді қызығырақ өтеді

Мектептерде химия, физика және биология сабақтары енді қызығырақ өтеді.

Осы мақсатты көздейтін «Maker-Space» және «Stem» атты сайттар іске қосылды. Бұл жаңашылдықтар бүгін елордада өткен педагогтардың республикалық форумында таныстырылды. Жоба авторларының айтуынша, білім беру заманауи технологияларға негізделуі қажет. Жаңа цифрлық платформалар осы процеске жұмсалатын басы артық шығындарды азайтады. Ал мұғалімдер сайттарды қолдана отырып, сабақ беру ісін жетілдіре алады.

Ержан Әубікіров, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры президентінің орынбасары:

– Осы жылы біз виар технологияларды қолданып, жақсы балалар жобаларын жасады. Бұл жобалардың нәтижесінде олар өздерінің еңбегін бизнеске де сата білді. Әсіресе, ауылдардағы мектептер осындай жобаларды істей алады. Шын мәнінде Қазақстанда білім жүйесін жаңа деңгейге шығаруға болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы