386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім беру саласының мамандары балабақшадағы жаңашылдықтар бойынша тәжірибе алмасты

  • 98
  • UPD: 21:23, 15.08.2019
Білім беру саласының мамандары балабақшадағы жаңашылдықтар бойынша тәжірибе алмасты

Ертең еліміздегі білім саласының мамандарына жаңа міндеттер жүктеледі.

Осы дәстүрлі тамыз кеңесінің алдында мектепке дейінгі білім беру саласының өкілдері елордада бас қосты. Өзекті мәселелерді талқыға салып, балабақшаға енгізілген жаңашылдықтар бойынша тәжірибе алмасты.

Бұл – балабақша бүлдіршіндерінің ой-өрісін дамытатын құрал. Олар да заманауи технология тетігін меңгеруі тиіс. Әлемдік тәжірибе бойынша, үш жастан бастап моделдеудің қыр-сырын үйретуге болады екен.

Әсет Ақшабаев, көрмеге қатысушы:

– Әлем бойынша танымал брендтерді таңдап алып кішкентайларымызға әлемдік деңгейдегі құрастырушылар мен 3Д моделдеуді ұсынып отырмыз. Бұл лабораторияның ерекшелігі бала жан-жақты дамиды. Бұл жерде роботатехника ғана емес, конструктор, программалауды балабақша деңгейінде үйреніп шығады.

Бұл көрмеде баланы дамыту мен қарым қабілетін анықтайтын сан түрлі тәсілдер және құралдармен танысуға болады. Бүлдіршіндерді қоршаған ортаны аялауға үйрететін арнайы әдістемелер бар. Жиынға келген тәрбиешілер де өз балабақшаларындағы тың әдістерін көрсетіп, тәжірибе алмасты. 

Гүлсім Әліпбаева, қалалық №56 балабақшаның меңгерушісі:

– Интеллектуалдығы жоғары бала тәрбиелеу мақсатында көптеген орталық ашылды. Онда балалар өздеріне керегін таба алады. Өз жас ерекшелігіне сәйкес баланың даму деңгейін жорғарлатыға мүмкіндік бар.

– Бала мектеп табалдырығын аттағанша қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілетін меңгеруі тиіс. Бұл балабақша қабырғасынан қалыптасатын дағды, - дейді мамандар. Осы тарапта озық үлгілерді қолданудың маңызы зор болмақ.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы