385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тамыз конференциясына 2 мыңнан астам мұғалім қатысады

  • 104
  • UPD: 10:37, 16.08.2019
Тамыз конференциясына 2 мыңнан астам мұғалім қатысады aigak.kz

Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, жаңа оқу жылы алдындағы маңызды жиынның өзгешелігі көп. Себебі, қазіргі таңда білім беру саласында өткір тұрған мәселелер осы басқосуда қозғалмақ.

«Тамыз конференциясының соңғы дайындығын министр Асхат Аймағамбетовпен пысықтадық. Ұлағатты ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады. Бұл биылғы Тамыз конференциясының қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек. Мұғалім мәртебесі, оқулықтар мәселесі, озат оқушы тәрбиелеу, мектептер, үштілділік және басқа да білім және ғылым саласының түйткілді мәселелері бүгінгі жиында айтылады», – дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы