386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет

  • 199
Қ.Тоқаев: Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет qaa.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында айтты.

«Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан президенті сапалы білімнің маңызына тоқталды: «Адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті».

Хабар 24 телеарнасы