386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы үш тілде білім беру жүйесіне қатысты пікір білдірді

  • 177
  • UPD: 12:55, 16.08.2019
Мемлекет басшысы үш тілде білім беру жүйесіне қатысты пікір білдірді otyrar.kz

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұстаздардың биылғы тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде үш тілде оқыту жүйесінің күнгейі мен көлеңкелі тұстарына тоқталды.

«Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл – өте маңызды», – деді Президент.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев Елбасының «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деген өнегелі ойын қолдап, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы