386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада HPAIR-2019 халықаралық конференциясы өтіп жатыр

  • 173
  • UPD: 23:53, 16.08.2019
Елордада HPAIR-2019 халықаралық конференциясы өтіп жатыр

Елордада HPAIR-2019 халықаралық Гарвард конференциясы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәл осындай жоғарғы деңгейдегі конференция Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Ауқымды шараға халықаралық компаниялардың басшылары, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен журналистер келген. Қатысушылар 4 күн бойы ғаламдық экономика, геосаяси және экологиялық ахуалға қатысты мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ БАҚ саласындағы проблемаларды көтереді. Конференция аясында мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Қонақтар қазақ өнерімен танысады. Сонымен қатар халықаралық карнавалды да тамашалай алады.

Хадиша Даирова, Назарбаев Университетінің вице-президенті:

- Біз тек Назарбаев университетін көрсетіп қана қоймаймыз. Еліміздің оқу орындарының жетістіктерін көрсетеміз. Бұл конференцияны Назарбаев университетінің студенттері ұйымдастырып, өздері өткізіп жатыр. Шақырылған қонақтарды да өздері таңдады. Біз өзіміз де таң қалдық Студенттер қонақтармен өздері байлансықа шығып, хат жазып, шақырған екен. Әрине танымал жандарды таңдапты.

Хабар 24 телеарнасы