389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауылдағы мектептер босап жатса, қаладағы мектептерге бала сыймай жатыр – Аймағамбетов

  • 286
  • UPD: 22:43, 17.08.2019
Ауылдағы мектептер босап жатса, қаладағы мектептерге бала сыймай жатыр – Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 3 ауысым бойынша оқып жатқан мектептер жайлы пікірін білдіріп, еліміз бойынша 31 мектептің апатты жағдайда екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Министрдің сөзінше, еліміз бойынша 128 білім ошағы талапқа сай емес. Оның 31-і апатты деп танылған.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда 150-ден аса мектеп салынып жатыр. Оның біразы биылғы жаңа оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс. Жалпы орын тапшылығы бар. Соның салдарынан 3 ауысымда оқытып жатқан мектептер аз емес. Оның бірінші себебі бала туу саны артып келеді. Екіншіден, ауылдан қалаға көшіп жатқандар қатары да көп. Мәселен, ауылдардағы мектептер қаңырап босап жатса, қалалардағы мектептерге бала сыймай жатыр. Ал мектептерді апатты жағдайға жеткізбес үшін оларды күрделі жөндеуден өткізу керек. Осы мәселе бойынша әлі де жұмыс жүргізетін боламыз», – деді министр.

Оның айтуынша, орын тапшылығын азайту үшін алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін қолдана отырып, жекеменшік мектептер саны артатын болады.

 

Хабар 24 телеарнасы