386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ҰБТ тапсырған түлектердің 55,3% мемлекеттік грант алды

  • 157
  • UPD: 08:22, 19.08.2019
Алматы облысында ҰБТ тапсырған түлектердің 55,3% мемлекеттік грант алды

Алматы облысында 9 мыңнан аса оқушы ҰБТ тапсырса, соның тең жартысынан астамы мемлекеттік грант иегері атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, биылғы мектеп бітіруші түлектердің 55%-тен астамы тегін білім алады. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен қосымша 250 грант бөлініп отыр. Оның 100-і жетім және көпбалалы, тұрмысы төмен отбасынан шыққандарға беріледі. Қалған 150-і жалпы конкурс негізінде ойнатылады. Олар облысқа аса қажет педагогикалық, медициналық және ауыл шаруашылығы саласын таңдаған жастарға үлестіріледі. Мемлекет есебінен оқитындар саны мұнымен шектелмейді.

Айжан Адамбекова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Сонымен қатар Елбасының тапсырмасы бойынша республика бойынша 5 мың грант бөлінсе, оның 540-ы біздің облыста. Ол аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары үшін. Бір-екі күнде ол гранттардың нәтижесі белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы