386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 100 талапкер жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін білім алады

  • 133
  • UPD: 10:43, 19.08.2019
Ақтөбе облысында 100 талапкер жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін білім алады

Ақтөбе облысында 100 талапкер жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін білім алатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гранттар еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып бөлінген. Негізінен медицина, ауыл шаруашылығы, ветеринария, педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша жоғары білім алғысы келетін үміткерлерге берілді. Көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары да назардан тыс қалған жоқ. Республикалық ұлттық қордың нысаналы трансферті есебінен ондай санаттағы талапкерлер үшін 180 білім гранты бөлінген. Мұндай мүмкіндік әдеттегі мамандықтардан өзге, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және биоресурстар бойынша білікті кадрлар даярлауға бағытталған.

Гүлназ Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 180 орынға бізге 154 өтініш келіп түсті. Біз осы атаулы көмек алатын балаларға және де көп балалы отбасылардың балаларына шектеу қойған жоқпыз. Жергілікті бюджетке де мамандықтары сәйкес келетін болса және АӘК алатын грантқа байланысты 180-ге де сәйкес келетін болса, екеуіне де талапкер тапсырды. Соның ішінен біз бірінші орынды осындай көмек алатын отбасылардың балаларына жұмсадық. Соған мейлінше көп орын беруге тырыстық.

Хабар 24 телеарнасы