Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда оқығысы келетін өзбек жастарының қатары артып келеді

  • 238
  • UPD: 12:19, 19.08.2019
Қазақстанда оқығысы келетін өзбек жастарының қатары артып келеді

Жыл өткен сайын Қазақстанда оқығысы келетін өзбек жастарының қарасы артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр көрші елден 12 мыңнан астам талапкер бізге оқуға қабылданған. Биыл көрсеткіш бұдан да көп болатын түрі бар. «Өйткені қашықтықтан білім беру жүйесінің мүмкіндігі мол және талапкер санына шектеу қойылмаған», - дейді мамандар. Қазір еліміздің бірқатар іргелі оқу орындары Өзбекстанда құжат қабылдап жатыр. Бір ғана Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 1300 талапкерді тіркеп үлгеріпті. Көрші елдің жастарының әсіресе көлік тасмымалы, темір жол, педагогика және электр энергиясы мен ақпараттық технология мамандығына деген сұраныстары жоғары. Еліміздің білім беру жүйесіне енгізілген өзгеріске сәйкес шәкірт пен оқытушы арасындағы байланыс интернет арқылы, яғни онлайн режимінде жүргізіледі. Шәкірт Өзбекстанда отырып тапсырма алады және оны қалаған уақытында орындауына болады. Құжат тапсыруға жиналған жастардың арасында Өзбекстандағы оқу орындарына тапсырып, балы жетпей, бағы сынғандары да бар. Тіпті колледж бітірген түлектер де екінші мамандық бойынша біздің елді таңдап отыр.

Диана Камилова, қарақалпақстандық талапкер:

- Мен Ташкент қаласында банк ісі бойынша орта арнаулы колледжді. тәмамдадым. Енді ары қарай жоғарғы оқу орынына түспекшімін. Қазақстанның Мұхтар Әуезов оқу орнын таңдадым.

Еңлікхан Қозыбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қашықтықтан білім беру институтының директоры:

- Жалпы Өзбекстан жастары үшін деп бізде шектеулі орын жоқ. Талап білдірген студенттердің бәрін мүмкіндігінше қабылдауға тырысамыз. Өйткені қашықтықтан білім беру технологиясы сондай мүмкіндікті береді. Өйткені оқу процесі осы қашықтықтан білім беру технологиясы арқылы жасалған білім беру порталының мүмкіншілігі өте көп.

Хабар 24 телеарнасы