387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Сәтбаев атындағы ЖОО-да жатақханадағы орын грант иегерлеріне жетпеуі мүмкін

  • 195
  • UPD: 23:21, 19.08.2019

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық-зерттеу университетінің білім грантымен оқуға түскен студенттердің ата-аналары наразы.

Олар бірнеше күннен бері өз ұл-қыздарын жатақханаға орналастыра алмай жүргендерін айтады. Көбісі еліміздің шалғай облыстарынан Алматыға ат арылтып келген.  Алайда тиісті құжттарын тапсырып, жатақханадан орын алуға тіркелгенімен орын жетпей қалуы мүмкін деп алаңдайды.

Ата-аналар ұл-қыздарын жетектеп,  университет пен жатақана басқармасына күн сайын келеді. Барлығы білім ранаттарының иегерлері. Жатақханада тұру үшін бір орынға  31 300 теңгені алдын-алаға төлеп қойған. Бірақ университет өкілдері жатақханада қазіргі кезде бос орындардың жоқтығы жөнінде айтқан. 

Райхан Серікқалиева, ата-ана:

- Документ қабылдағанда міне бір жеті жүрміз. Адресный справка дұрыс емес, не анау дұрыс емес деп. Анда-мында жібереді. Бір-біріне сілтейді. Анық ешкім жауап бермейді.

Роза Қойбағарова,  ата-ана: 

-Біз ақша төлеп қойдық десек ректордың атына заявление жазыңыздар біз қайтарып береміз. Оларға оп-оңай. Бізге ақша керек емес. Біздің балалырымзды грант иегері ма?  Мен ауылдан звондап келдім Маңғыстаудан сол кезде айтты. Сіздер грантсыздар. Бірінші курссыздар. Сіздердің бәріңізді орналастырамыз, деді. Орналастырсын енді.

Биыл бұл жоғарғы оқу орнына грантқа 2250 бала түсті. Тең жартысына жатақана беріледі. Ол үшін әр білімгер мекен-жай туралы анықтама қағазын ұсынып, тиісті медициналық тексерістен өтуі қажет. Ал жатақханаға орналастыру екі күннен кейін басталады дейді университет басшылығы. 

Ринат  Искаков, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ  проректоры:

- Қазір бізде 1150 бос орын бар. Жатақханаға өтініш бергендер саны 1038 адам. Тіркелгеннің барлығына жатақхана беріледі. Бірақ дәл қазір ешкімді орналастырмаймыз. Тіркелгендердің барлығын 21 тамызда орналастырамыз.

Өткен жылы  университтетте 300 орындық жаңа жатақхана салынды. Бірақ онда жоғарғы курс студенттері тұрады. Ал 4 жатақанада күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып бітпеген.   

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Шалбаев

Хабар 24 телеарнасы