387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы жас инспекторлар слётіне 250-ге жуық оқушы қатысып жатыр

  • 179
  • UPD: 23:42, 19.08.2019

Қарағандыда 19-республикалық жас инспекторлар слеті басталды. Шараға еліміздің барлық облысынан 250-ге жуық оқушы қатысуда.

Сондай-ақ Қырғызстан, Ресей, Беларусь елдерінің жеңімпаз командалары арнайы келген. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. Он күн бойы балалар түрлі емтихан тапсырып, білімдерін сарапқа салмақ. Басты талап жол ережесін жетік білу.

Санаулы күндерден соң мектептерде сабақ басталады. Өкінішке қарай, дәл осы уақытта балалардың жол-көлік оқиғасынан зардап шегуі жиілейді екен. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жыл сайын елімізде 300 жасөспірім мерт болып, 5 мыңға жуығы жарақат алатын көрінеді. 

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің өкілі:

- Бұл сайыстың басты мақсаты – балалардың арасындағы жол-көлік  жарақаттарының алдын алу, жол жүрісі қағидаларын сақтау балалардың. Он күнге созылатын додада олар «жол жүріс қағидаларының білгірлері», «жас санитарлар», яғни, алғашқы көмек көрсету, «білімдарлар», сол сияқты «жас реттеуші» секілді түрлі сайыстарға түсіп, өздерінің білімдерін тексеретін болады.

Оқушылар он күн бойы жол ережесінен түрлі емтихан тапсырады. Көліктің орнына велосипед тізгініне отырып, шеберліктерін көрсетпек. Талап жоғары, мүлт кеткендер келесі кезеңге өтпейді.

Әйгерім Аманжолова, Қазақстан командасының капитаны:

- Әзірге екі кезеңнен сәтті өттік. Алда әлі бірнеше емтихан бар. Біз бұл жарысқа бір жыл бойы дайындалдық. Басты қарсыласымыз Ресей командасы деп ойлаймын.

Жеңімпаздар келесі жылы өтетін халықаралық жарысқа жолдама алмақ. Шараның ашылу салтанатына келген Ержан Максим балғындарға әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы