387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Текеліде тың идеяларды ту еткен жастар жиыны өтті

  • 174
  • UPD: 21:03, 22.08.2019

Қазақстандық студенттер көзі көрмейтін балаларға арналған кітап ойлап тапты. Жердің  құнарын анықтайтын технология да осындай жастарға тиесілі. Тың жобаларымен мақтана алатын инновациялық-идеялы жастар Текелі қаласында бас қосты. Олар өздерінің әлеуметтік жобалары мен өнертабыстарын талқылап, өзара пікір алмасты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Enactus Kazakhstan» ұлттық кеңсесі және облыстық әкімдіктің ұйытқы болуымен өткен шара.

М.Хайдар Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің студенттері баламалы көмір ойлап шығарған. Келесі айда сол бизнес бастамасын АҚШ өтетін әлемдік байқауда қорғайтын болады. Жас дарындар жауапты сапар алдында шетелдік ғалымдармен ақылдасып, жобаның жай жапсарын талқылады. 

Диана Нарбаева,  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті:

- Баламалы көмір көң, қағаз қалдықтары және көмір күлі. Скл. Осы үш ингридиент арқылы біз жаңа баламалы инновациялық көмір ойлап таптық. Баламалы көмір жай көмірден үш есе арзан болып келеді. Және тиімділігі жағынан жай көмірге ұқсас. 

Жазғы лагерьге келген әрбір топтың өз жобасы бар. Бірі цифрлық технологияны дамытуды көздесе, келесі ауыл шаруашылығы мен туризм, медицина саласын таңдаған. Басқосуда жастар идеяларын жетілдіріп, өзара тәжірбие алмасты. Білікті мамандардан кеңес алды. 

Бекжан Серікқалиев, ұйымдастырушы:

- Қазақстанның түпкір-түпкірінен әр түрлі қалаларынан 130 ға жуық студент жиналып отыр. Бұл студенттер әр түрлі жобалармен айналысады. Бұл жобалардың басты мақсаты адамдардың өмірін жақсарту. Бұл жазғы лагерьде әрбір студен өз жобаларын жақсартады. Әр тренер әр студентке пайдалы кеңесін беріп, өз көмегін тигізеді.  

Қарашаның 7-8 күні Алматыда инновациялық идеялар көрмесі өтеді. Жас дарындардың жоба жоспары сол байқауда инвесторлардың назарына ұсынылмақ. Тиімді, ұтымды деп танылғандары жүзеге асырылатын болады.   

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы