386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы балабақшада бөбектер киіз басуды үйренеді

  • 211
  • UPD: 13:37, 24.08.2019

Алматыдағы №116 балабақшада бүлдіршіндерге киіз басу технологиясын үйрететін зертхана ашылды. Инновациялық жоба балалардың ұсақ моторикасын дамытуға игі әсерін тигізеді екен. 

Балабақша қабырғасында мынадай шағын көрме жасау үшін тәрбиешілер біраз ізденіпті. Қолөнер шеберлерінен кеңес алып, ғаламтордың көмегіне жүгінген. Ұмыт қалған ұлттық өнерді қайта жаңғыртып, балаларға түсінікті болу үшін киіз бұйымдардың жасалу жолын рет ретімен көрсететін макет жасапты.

Альмира Атханова, балабақша меңгерушісі:

- Жүн қайдан келді, жүннен қандай бұйымдар жасауға болатынын білмейді. Сондықтан олар өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, жүннің пайдалылығы, жүннен қандай бұйымдарды жасауға болатынын көрсін деп осы мақсатпен ұйымдастырдық.

Жүн өңдеу технологиясының бүлдіршіндерге пайдасы көп дейді мамандар. Балаларды ұлттық өнерге баулу олардың танымын кеңейтеді. Сондай-ақ ұсақ саусақ моторикасын дамытып, ойлау қабілетін шыңдайды. Қолөнерге қызығушылығын арттырып, шыдамдылыққа тәрбиелейді.

Альмира Атханова, балабақша меңгерушісі:

- Балалар жүнмен жұмыс жасай отырып, өздерінің шығармашылығын арттырады, ойлау қабілеттері, сонымен бірге бір бірімен жұмыс жасауға үйренеді. 

Түрлі-түсті киіз бұйымдар тек көрме үшін ғана жасалмаған Тәрбиешілер оларды балалармен бірге «Өрмекшінің торы», «Сыңарыңды тап», «Кім зейінді?», «Жыл мезгілі» сияқты ойындарда қолданады.

Авторлары: Гүлжан Көланқызы, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы