387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 53 мың бала мектеп табалдырығын алғашқы рет аттайды

  • 260
  • UPD: 15:24, 24.08.2019
Түркістан облысында 53 мың бала мектеп табалдырығын алғашқы рет аттайды

Биыл 4, 9 және 10-сынып оқушылары жаңартылған мазмұн бойынша білім алады. Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Кескін және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытыла бастайды.

Бұл туралы Түркістан қаласында өткен мұғалімдердің облыстық тамыз кеңесінде айтылды. Түркістан облысындағы  мектептерде орын тапшылығы жыл сайын өсіп келеді. Биыл мектеп табалдырығын 53 мың білдіршін аттайды деп күтіліп отыр. Өткен жылдан бері өңірдегі аудан мектептерінде білім сапасын ғылыми негізде көтеру бойынша эксперимент жүргізіліп жатыр. Ғалымдар білім саласын 8 бағыт бойынша дамытуды қолға алды.

«Алдымен оқулықтың сапасы мен мұғалімнің әлеуеті жоғары болуы керек. Білім мазмұнын жаңартып, балалардың білімі жақсы бағалануы тиіс. Жастарға рухани-адамгершілік бағыттағы патриоттық тәрбие берілуі керек. Білім жүйесінде ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізіліп, басқару жүйесі жақсы және материалдық-техникалық база мықты болуы керек» дейді ғалымдар.

Асқарбек Құсайынов, педагогика ғылымдары академиясының басқарма басшысы:

- Біз бір оқу жылы бойы Төлеби және Ордабасы аудандарында «білім сапасын ғылыми негізде көтеру» деген тақырыпта үлкен эксперимент жүргіздік. Ол экспериментке екі ауданнан 18 мектеп, 133 мұғалім, 1554 бала қатысты. Сонда біздің экспериментке қатысқан мұғалімнің 68,7 пайызының кәсіби құзыреті жалпы облыс бойынша 3,2-ден аса көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы