387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 қыркүйек күні Ақтөбеде үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі

  • 222
  • UPD: 08:48, 25.08.2019
1 қыркүйек күні Ақтөбеде үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Білім күні Ақтөбеде үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Айналасы абаттандырылып, көрнекі құралдармен жабдықталып жатыр. Үшеуі де облыс орталығына жақын орналасқан Бекқұл баба, Қанағат және Украинка елді мекендерінде бой көтерді. Жаңа білім ошақтарын жергілікті тұрғындар көп жылдан бері күтті. Себебі, бірінде бұған дейін мүлде болмаса, қалған екі ауылдағы мектептер бала санының көптігінен үш ауысымда жұмыс істеп келді. Жаңа оқу жылында қала бойынша 83 мыңнан астам оқушы білім алмақ. Оның 11 мыңы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер. Бүгінде Ақтөбеде 80-нен астам білім ошағы бар. Қыркүйекте екі бірдей шағын ауданында балабақша ашу да көзделген.

Жұлдыз Шалабаева, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Бекқұл баба ауылында бұрыннан негізгі мектеп бар еді. Оның үш ауысымды мәселесін осы жаңа мектеп арқылы жойылады деген үміттеміз. Және Украинка елді мекеніндегі 300 орындық жаңа мектеп арқылы жан-жақта оқып жатқан балалардың өздерінің тұрғылықты жеріндегі мектепке баруға мүмкіндік туындайды. Сондай-ақ, Қанағат елді мекеніндегі 600 орындық мектеп арқылы  қазір үш ауысымдық мәселесі жойылады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы