389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде колледждер халықаралық талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтылады

  • 215
  • UPD: 11:15, 26.08.2019
Елімізде колледждер халықаралық талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтылады

Қазақстандағы колледждер 2022 жылға қарай халықаралық талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтылады.

Бұған қоса, білім бағдарламасына да біраз жаңашылдықтар енеді. Бұл жөнінде «Кәсіпқор» холдингі төрағасының міндетін атарушы Ермек Күзембаев мәлімдеді. Ол жұмысшы мамандардың әлем чемпионатында қазақстандық құраманы бастап барған болатын. Айтуынша, осындай кешенді шараларды қолға алу арқылы ғана әлемдік деңгейдегі бәскеге қабілетті мамандар шығара аламыз. Қазан қаласына еліміз атынан 34 үміткер аттанған болатын. Олар қазір ондаған бағыт бойынша бақтарын сынап жатыр. Әсіресе, мехатроника, аспаздық, кірпіш қалау және бетон төсеу бойынша көрсеткіштер жақсы. Жарыстың жалпы қорытындысы 28 тамызда белгілі болады.

Гүлмира Тағаева, жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің директоры:

– Қазақстан Республикасы 2014 жылдан бері WORLDSKILLS-ке мүше болып кірген. Содан бері Қазақстан қатысып келеді. Жылдан жылға нәтиже жоғарылап келеді. Биыл Қазанға келгенде Қазақстан 34 құзіреттілік бойынша бала алып келді. Біз соларды қолдауға келдік.

Хабар 24 телеарнасы