389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмысшы мамандықтардың әлем чемпионатынан отандастарымыз жүлделі оралды

  • 176
  • UPD: 14:50, 27.08.2019
Жұмысшы мамандықтардың әлем чемпионатынан отандастарымыз жүлделі оралды

Жұмысшы мамандардың әлем чемпионатына аттанған жерлестеріміз жүлдегер атанды.

Juniorskills, яғни 16 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы жарыста қазақстандық Ердәулет Тұрар екінші орын алды. Ол сылау және сәндік жұмыстар  бойынша сынға түскен болатын. Ал семейлік Әли Әскерханов  ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратарын қолдану бағытында жарысқа қатысып, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұл оқушылар арасындағы бәсекенің нәтижесі. Ал негізі чемпионатқа қатысып жатқандардың көрсеткіші енді шығады. Яғни бүгін жарыстың соңғы күні. Татарстан астанасындағы әлем чемпионатына еліміз атынан 34 қатысушы аттанған болатын. Олар 31 мамандық түрі бойынша бақтарын сынап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы