386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Байтұрсынұлының нұсқасындағы әліппе қашан қолданысқа беріледі

  • 180
  • UPD: 17:01, 27.08.2019
А.Байтұрсынұлының нұсқасындағы әліппе қашан қолданысқа беріледі zakon.kz

Үкімет отырысынан кейінгі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беру барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ахмет Байтұрсынұлының нұсқасының негізіндегі әліппе қашан қолданысқа берілетінін айтып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Біздің ең бірінші айтарымыз, әліппеде ешқандай эксперимент болмауы керек. Екіншіден, бізде бұрыннан келе жатқан өте жақсы әдістеме бар. Ол Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде құрылған. Енді осы әдістеменің негізінде жаңа әліппе дайындаймыз. Жоспарымызға сәйкес, жаңа әліппе 2021 жылы 1-сынып оқушыларына беріледі», – деді Асхат Аймағамбетов.

Осыдан кейін Білім және ғылым министрі ағылшын тілінде 5-сыныптан бастап сабақ беру қай оқу жылынан басталатынын айтты.

«Мемлекет басшысы осы бағытта арнайы тапсырма берді. Ол тапсырмада оқушылар ағылшын тілін 2-3-сыныптан немесе ата-аналардың қалауымен 5-сыныптан бастап пән ретінде оқу керектігі көрсетілген. Бұл жерде көп нәрсе ата-аналардың қалауына байланысты. Биылға оны енгізу тым кеш. Келесі аптада оқу жылы басталады. Сол себепті оқу бағдарламасы әзірленіп, кемшілігі жойылған соң келер жылы енгізіледі», – деді Білім және ғылым министрі.

Хабар 24 телеарнасы