389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім беру саласында жемқорлық жойылмай тұр

  • 242
  • UPD: 21:15, 29.08.2019
Білім беру саласында жемқорлық жойылмай тұр

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 4 қылмыстық қозғалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін жергілікті билік, білім беру бөлімдері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті арасында үш жақты меморандум бекіді. Ал, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Саналы ұрпақ» деп аталатын бастама аясында жастармен, әсіресе оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізбек.

Айта кету керек, пара алып, істі болып, тергеуге алынған шенеуніктердің арасында тіпті аудан әкімінің орынбасарына дейін бар.

Мирлан Мұхамбетов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жетекшісі:

- Аудан басшылары және білім беру саласының сол аудандағы басшылары «ұлттық тестілеудің нәтижелерін дұрыстаймыз» деп мектеп директорынан ақша жинаған. Қазіргі уақытта осы фактіге байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы