387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баланы мектепке оқуға деген ынтасына орай беру керек – Ата-аналар

  • 188
  • UPD: 10:07, 30.08.2019
Баланы мектепке оқуға деген ынтасына орай беру керек – Ата-аналар

Жаздың шуақты күндерінің аяқталуға жақындағаны кезекті оқу маусымының таяғанын білдірсе керек. Баланы мектепке қай жастан берген дұрыс? Кезекті оқу маусымына дайындауға қанша қаражат жұмсалады? 

Жайдарлы жаз шуағына бөленген балалардың мектеппен қауышар сәтіне де санаулы күндер қалды. Білім нәрімен сусындар мекен табалдырығын енді аттағалы жүрген Диас бүгінде берілген үй тапсырмаларын ерекше ынтамен орындайды. Оқу маусымы алдындағы ата-аналар жиналысында, кейбір пәндердің оқулықтары да алдын ала берілді.

Гүлдария Шамұратова, Диастың анасы:

- Ең бірінші мектепке дайындық ол әдетте балабақшадан басталады ғой. Сол жерден ол әріптерді сандарды жазып үйреніп келді. Одан кейін біз жазда дайындықты бастадық. Ал тамыз айының басында екі апта мектептің өзінде дайындық өттік. Мектепке баланы үйрету, партаға қалай отырады. Қалай тұрады. Қайда барады. Мектептің ішімен таныстыру. Сонан соң кішкене оқуды үйретті.

Диас бүгінде дайындығын үйден пысықтап келеді. Мектеп формасынан бөлек өзге де пән оқулықтарын сатып алу ғана қалып отыр.

Диас Ермұқан, 1-сынып оқушысы:

- Осыдан да көлемді. Оқи алам өлеңді. 

Гүлдарияның айтуынша, балаларға арналған костюм ересек адамдардың киімінен қымбат болмаса арзан емес. Мәселен, мына қара түсті костюмді табуға біршама уақыт кеткен.

Гүлдария Шамұратова, диастың анасы:

- Жалпы мектепке баланы жинауға қанша кетті десек, біз бір 90 мыңдай жұмсадық. Оның ішінде қажетті оқу құралдары кірмейді. Біз әлі алып үлгерген жоқпыз.  Екінші мектептің ішінде ауыстыратын аяқ-киім дейді ғой соны, сонан соң бөлек көйлек шалбарды әлі де аламыз. Сонда бұл шығын әлі де көбейе түседі. 

Гүлдарияның айтуынша, баланы мектепке оның оқуға деген ынтасына байланысты беру қажет. Мәселен, Диас қазір 6 жаста, бірақ алдағы қараша айында 7-ге толады. Осыған байланысты ата-анасы ұлының оқудағы үлгірімі жақсы болады деген үмітте.

Авторлары: Мейірлан Алтынбек, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы